"Алматы" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы

Хабарландыру

Өтінімдердіқабылдаудыңбасталу күні: 2018 жылдың 08 маусым

Өтінімдерді қабылдаудың аяқталу мерзімі: 2018 жылдың 15 маусым

Атауы: «Сүлейменов көшесі мен Жандосов көшесінен Алматы қаласы, Әуезов ауданы, Рысқұлбеков көшесіне дейін көшеде қызмет көрсету нысандары бар тұрғын үй кешенін дамыту» сатып алу.

Тапсырыс беруші- «КҚК» ЖШС: 050051 Алматы қ., Луганского көшесі, 54 «А».

Ұйымдастырушы - «КҚК» ЖШС баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен: «Сүлейменов көшесі мен Жандосов көшесінен Алматы қаласы, Әуезов ауданы, Рысқұлбеков көшесіне дейін көшеде қызмет көрсету нысандары бар тұрғын үй кешенін дамыту» (одан әрі – Жұмыс) сатып алуды жүзеге асыратынын жариялайды ((www.pks.kz).

Сатып алынатын жұмыстың техникалық сипаттамалары көрсетілген тізбесі мен №1 және №2 қосымшаларда көрсетілген.

Жұмыстың орындалу мерзімі: тапсырыс беруші тапсырыс берген күннен бастап 1 ай ішінде.

Жұмыс көрсетілген уақытта жасалуы тиіс: Алматы қ., Луганского көшесі, «А» экономика және жоспарлау басқармасы, 3 қабат. Жұмыстың жасалу шарттары келісім-шарт үлгісінде көрсетілген.

Жоспарланған сомма: 4 494 000,00 (Төрт миллион төрт жүз тоқсан төрт мың) теңге 00 тиын.

Жұмыстың төлем ақысы шарттары келісім-шарт жобасында көрсетілген шарт бойынша жүргізіледі.

Жұмыстың орындалуына байланысты барлық шығындар ескеріліп, көрсетілген баға ұсыныстары жабық конвертке салынған күйде 2018 жылдың 08 маусым күнінен сағат 15:00 ден бастап 15 маусым күнінің 15:00 сағатына дейн жұмыс күндері ұсынылуы тиісті. Дүйсенбі күнінен бастап жұма күні сағат 09:00 ден 18:00 дейн жұмыс күн болып саналады, түскі үзіліс сағат 13:00 ден 14:00 сағат аралығында.

Әрбір әлеуетті жабдықтаушы төмендегі мәліметтер мен құжаттар бейнеленген, әлеуетті жабдықтаушының (бар болған жағдайда) мөрі және қолымен бекітілген бір ғана баға ұсыныстарын бере алады

Әлеуетті жабдықтаушының нақты мекен жайы және атауы, байланыс телефон және электрондық мекен-жайы.

Көрсетілетін қызметтің, жасалынатын жұмыстың көлемі және атауы, әкелінетін тауардың саны мен сипаттамасы, атауы.

Әкелінетін тауардың, жұмыстың орындалуының, қызметтің көрсетілу мерзімі мен орны.

Тауарды жеткізу, жұмысты орындау, қызмет көрсетумен байланысты шығындармен қоса және ҚҚС есебінсіз тауар, жұмыс, қызметтің барлық және бірлік бағасы.

ықтимал жеткізушіні мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің/анықтаманың, тіркелетін органның лауазымды тұлғасының электронды сандық қолымен куәландырылған электронды құжаттың көшірмесі немесе көшірме түрі;.

ықтимал жеткізушіні ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік, тіркелетін органның лауазымды тұлғасының электронды сандық қолымен куәландырылған электронды құжаттың көшірмесі немесе көшірме түрі;

техникалық спецификация және ықтимал жеткізушінің қолымен және мөрімен бектілген сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер тізімі;

қызметтерді (жұмыстарды немесе тауарларды) сатып алу кезінде ықтимал жеткізуші Қазақстан Республикасының рұқсат және анықтама беру заңнамасына сәйкес алынған (көрсетілген) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінде тіркелгендігі туралы растамасы бар лицензияның/рұқсаттың (хабарламаның) электронды құжат ретіндегі көшірмесін салуы тиіс. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған жағдайда ықтимал жеткізуші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған рұқсаттар мен хабарламалар туралы тиісті лицензияның/рұқсаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін көрсетеді (сатып алу шарттарында ұсынылған қызметке міндетті түрде лицензия берілуі тиіс болған жағдайда)

мүдделер қақтығысы туралы мәліметтердің нысан мен мазмұнына қойылатын талап (бұл талап кеңес беру қызметтерін сатып алған кезде қолданылады);

техникалық сипаттамада берілген қосымша талаптар (тап мұндай берілсе) әлеуетті жабдықтаушымен ұйымдастырушыға қажетті құжаттармен дәлелдеп беру тиіс.

Сатып алуларға қатысу үшін ықтимал жеткізуші (оның қосалқы мердігері (бірлесіп орындаушы), сондай-ақ консорциумның құрамына енетін тұлңалар) мындай біліктіліктерге сәйкес болуы тиіс:

құқыққа қабілетті болу (заңды тұлғалар үшін), азматтарға тән іс-әрекетке қабілетті болу (жеке тұлғалар үшін) керек;

төлемге қабілетті керек:

банкроттық немесе жойылу рәсіміне жатпау керек:

сатып алулар туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындауға жеткілікті материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарына ие болу керек;

«Алматы» ӘКК сеніміз ықтимал жеткізушілерінің тізімінде және (немесе) Мемлекеттік сатып алуларға жауапсыз қатысушылардың тізілімінде және (немесе) Жалған кәсіпорындар тізімінде тұрмау керек.

Баға ұсыныстарын өткізу орны: Алматы қ., Луганского көшесі, «А» жоспарлау және сатып алу бөлімі, 3 қабат

Ықтимал жеткізушінің өкілдері баға ұсынымдары бар конверттерді берген кезде олардың құзыреттіліктерін растайтын құжаттары (сенімхаттың түпнұсқасы; жеке куәлігі) болуы тиіс. Егер конвертті ықтимал жеткізушінің бірінші басшысы берсе, бірінші басшы ретінде тағайындалуы туралы шешімнің және бұйрықтың көшірмелерін беруі тиіс.

Әлеуетті жабдықтаушы сатып алу туралы келісім-шартқа Тапсырыс беруші тарапынан қол қойылған сатып алу туралы келісім-шарт тапсырылғаннан кейін бес күнтізбелік күнінің ішінде қол қоюы тиіс.

Мөрленген конверттің бет жағында потенциалды жабдықтаушы баға ұсынысымен бірге келесілерді көрсетуі тиіс:

Потенциалды жабдықтаушының нақты және электрондық мекен-жайы, толық атауы және байланыс телефоны.

Тапсырыс және Ұйымадстырушы берушінің атауы мен нақты мекен-жайы, сатып алу хабарламасында көрсетілгендей ұқсас мәліметтерге сәйкес болуы қажет.

Әлеуетті жабдықтаушының баға ұсыныстары көрсетілген сатып алынатын тауар, жұмыс және қызметтің атауы.

Баға ұсынымдары салынған конверттер 2018 жыл «15» маусым күні сағат 15:30-де Алматы қ., Луганского көшесі, 54 «А» экономика және жоспарлау басқармасы, 3 қабат мекен-жайында ашылатын болады.

Қосымша ақпарат және анықтаманы 8 (727) 264-33-93 (вн. 138) тел. бойынша алуға болады. 

Байланыс

  • Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы,
    Байзаков көшесі 303
  • +7 727 225 18 91
  • +7 727 225 18 98

Copyright © 2016 АҚ "ӘКК "Алматы". All Rights Reserved