"Алматы" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы

Almaty Invest – инвестицияларды тартумен, зәкірлік жобаларды іске асырумен, Алматыда ірі және орта инвестициялық жобаларды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасаумен айналысатын «Алматы» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ құрылымдық бөлімшесі.

Ұйымның жұмысы «Бір терезе» қағидаты бойынша құрылады:

  • Әрбір инвесторға жеке көзқарас
  • Әкімшілік кедергілерді төмендету
  • Концессиялық және мемлекеттік-жеке әріптестігі бар жобаларды кеңес берушілік сүйемелдеу
  • Инвестицияларды тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау және қолдау
  • Постинвестициялық сүйемелдеу

Инвестициялық жобалар басқарушы компаниямен жасалатын қызметті жүзеге асыруға берілген шарттар мен өтінімдер негізінде қаралады.

Инвестициялық жобаға өтінімді қарау циклі:

  1. Кәсіпкерлік субъектісінің басқарушы компанияға өтініш жасауы және өтінім беруі;
  2. Сараптамалық қорытынды дайындау және жобаны кейіннен мақұлдаумен қосу бойынша Алматы қаласы әкімдігінің Аймақтық үйлестіру кеңесінің қарауына ұсыныс енгізу;
  3. Алматы қаласының әкімдігіне 3 жылға дейінгі мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беруге өтініш беру;
  4. Объектілерді жобалау және салу.

 

Құжаттар тізімдемесі:

  1. Бизнес-жоспар, өтінім
  2. Өндіріс нормативтері мен технологиясына сәйкес өндірістік кешенді орналастырудың схемалық жоспары 
  3. Соңғы жылдардағы қаржылық есептілік
  4. Несиелік тарих туралы ақпарат 
  5. Инвестициялық жобаға Презентация
  6. Жобаны қаржыландыру көздерінің болуын растайтын құжаттар.

 

Байланыстар:

Байзақов көшесі, 303. 2-қабат

Bu e-Posta adresi istenmeyen posta engelleyicileri tarafından korunuyor. Görüntülemek için JavaScript etkinleştirilmelidir.

almaty-invest.kz

Байланыс

  • Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы,
    Байзаков көшесі 303
  • +7 727 225 18 91
  • +7 727 225 18 98

Copyright © 2016 АҚ "ӘКК "Алматы". All Rights Reserved