"Алматы" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы

 

Алматы қаласының индустриялық аймағы Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына және Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаға сәйкес құрылған. Индустриялық аймақтың жұмыс істеуі кәсіпкерлік кодекспен және «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасымен айқындалған.

Индустриялық аймақ жеке кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында құрылған және бірінші кезекте Алматы қаласында өнеркәсіптің басым салаларын – бұл машина жасау, тамақ, жеңіл, фармацевтика, химия өнеркәсібі және құрылыс материалдарын өндіру үшін арналған. Бұл ретте, қаланың тұрғын аудандарынан өнеркәсіптік кәсіпорындарды көшіруге, технологиялық, инновациялық өнімдерді шығаруға, импортты алмастыруға бағытталған инвестициялық жобаларға басымдық беріледі.

Алматы қаласының индустриялық аймағының құрылысына өнеркәсіп өндірістерін салуға және қызмет көрсетуге арналған Алатау ауданында 490 га бос аудандар, сондай – ақ тиісті инфрақұрылым - автомобиль және темір жолдар, логистикалық және әкімшілік орталықтар бөлінген. Бүгінгі таңда индустриалды аймақтың қатысушылары 39 компания болып табылады, жоспарланған жеке инвестициялардың жалпы сомасы 179,7 млрд.теңгені құрайды, өндірісті пайдалану кезеңінде 5 121 тұрақты жұмыс орны құрылады. Шығарылатын өнімнің ауқымы өте кең - балмұздақтан мұнай-газ өнеркәсібі үшін болат құбырларға дейін.

Алатау ауданының аумағында жобаларды іске асыру бойынша жеке кәсіпкерлер мен инвесторларға өнеркәсіптік өндіріс пен қолдау көрсету үшін платформа болып табылады.

  • Жалпы ауданы — 490 га
  • ИЗА қатысушылары — 39 компаниялар
  • Олардың арасында — Ресей, Жапония, Қытай компаниялары
  • Жоспарланған жеке инвестициялардың жалпы сомасы — 179,7 млрд. теңге

Мекенжайы: Алматы қ., Алғабас ы/а, 7 көшесі, 142/26

Қабылдау: +7 727 237 69 13

Резиденттермен жұмыс жөніндегі бөлім: +7 727 237 69 11

Өндірістік-техникалық бөлім: +7 727 237 69 14

email: Bu e-Posta adresi istenmeyen posta engelleyicileri tarafından korunuyor. Görüntülemek için JavaScript etkinleştirilmelidir.

http://indzone.kz/ 

Байланыс

  • Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы,
    Байзаков көшесі 303
  • +7 727 225 18 91
  • +7 727 225 18 98

Copyright © 2016 АҚ "ӘКК "Алматы". All Rights Reserved