«Алматы» ӘКК» АҚ Қазақстан Республикасы Президентінің азық-түлік тауарларына баға белгілеуді бақылау жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында (24.01.2020 ж.) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тежеу және халыққа қолжетімді өнім беру мақсатында, Алматы қаласының өңірлік тұрақтандыру қорынан азық-түлік тауарын, атап айтқанда құмшекерді сатуға дайын екендігі туралы хабарлайды.

1 Ақ қант-құмшекер – бағасы 235 тг/кг

 

Өтінімдерді қабылдау қолма-қол мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: Алматы қ., Байзақов к-сі, 303, каб. 608.

Өтінімдерді қабылдау уақыты 04.11.2020 жылға дейін, жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін).

Өтінімде тауардың көлемін, өнімді өткізу орындарын, өнімді өткізу мерзімін көрсету қажет.

 

Шарттары:

«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі №280 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қағидаларға сәйкес»:

Ақ қант-құмшекер – сату бағасы бір килограмм үшін 235 теңге (ҚҚС қоса алғанда) алдын ала 100% төлеу шартымен.

Жоғарыда көрсетілген өнімді сатып алған жағдайда (өзі алып кету, кемінде 5 тонна) сатып алушы құмшекердің бір килограмм үшін 240 теңге бөлшек сауда бағасын ұстауы тиіс.

Кәсіпкерлік субъектісі мынадай өлшемшарттарға сәйкес келуге тиіс:

Қажет болған жағдайда қосымша ақпарат талап етілуі мүмкін.