«Алматы» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Акционерлік Қоғамы (бұдан әрі –Қоғам) төмендегі мекенжай бойынша орналасқан объектіде бірлескен инвестициялық жобаны іске асыруға қатысуға өтінімдер қабылдау туралы хабарлайды:
Алматы қ., Бостандық ауданы, Нұр Алатау шағын ауданы, Шукенов кі, 66 (кадастрлық нөмірі 20-313-054-407) нысаналы мақсатына сәйкес (тұрғын үй емес ғимарат үшін).

Объектінің қысқаша сипаттамасы:
Жер телімінің ауданы– 0.1100 га.
Құрылыстардың жалпы ауданы– 795,7 ш.м.

Нарықтық құны 168 221 839 (жүз алпыс сегіз миллион екі жүз жиырма бір мың сегіз жүз отыз тоғыз) теңгені құрайды.

Өтінімдер 2020 жылғы 12 қарашадан бастап 21 қарашаға (қоса алғанда) дейін  қабылданады, сонымен қатар Қоғам өтінімдерді қабылдау мерзімін өз қалауы бойынша ұзартуға құқылы.

Қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі төменде бекітілген Инвестициялық жобаларды қарау және іріктеу ережесінде көрсетілген (№4 қосымша).

Алғашқы кеңес алу үшін Байзақов көшесі, 303, 6 қабат, 616-кабинет мекенжайы бойынша хабарласуға болады. Жауапты қызметкер – Жобаларды және кәсіпорындарды басқару департаментінің Бас жобалау менеджері Мецгер Евгений, жұмыс телефоны + 7 (727) 225-18-91, іш. 589.