«Алматы» ӘКК» АҚ Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының 19.01.2021 ж. №14-14-14/237 тапсырма-хатын орындау мақсатында Алматы қаласы әкімдігінің 14.11.2019 ж. №4/616 қаулысымен бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидалары және ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 29 шілдедегі №280 бұйрығымен бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) аясында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 01.03.2010 жылғы №145 қаулысымен бекітілген өнімдер тізбесіне ӘМАТ-на бағаларды тұрақтандыру аясында кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдікті қарыздар (форвардтық сатып алулар ұқсастығы бойынша) беруге өтінімдер қабылдауды хабарлайды. Бекітілген өнімдер тізбесі:

1 Картоп
2 Асханалық сәбіз
3 Басты пияз
4 Ақбас қырыққабат

Өтінімдер желімделген конвертте қолма-қол, Алматы қ., Байзақов к-сі, 303, тіркеу бөлімі («Алматы «ӘКК» АҚ хат-хабарларына арналған папка) мекенжай бойынша қабылданады. 

Өтінімдерді қабылдау мерзімі 20.01.2021 жылдан 20.02.2021 жылға дейін, жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін).

Қарыз алу үшін өтінімде кәсіпкерлік субъектісінің деректерін, қарыз сомасын, өнімнің көлемі бойынша есепті, өткізу орындарын, өнім туралы ақпаратты, сатудың тіркелген бағаларын, өнімді өткізу мерзімін, қарызды (кепілді) қамтамасыз ету туралы мәліметтерді және т.б. көрсету қажет (үлгі қоса беріледі).

Өтініммен бірге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру шеңберінде жеңілдетілген қарыз беру үшін қажетті құжаттар топтамасын ұсыну керек (тізбе қоса беріледі).

Кәсіпкерлік субъектісі мынадай өлшемшарттарға сәйкес келуге тиіс:

1) Кәсіпкерлік субъектілерінің меншігінде не жалға алу құқығында азық-түлік тауарларын тиісінше өндіруге және сақтауға, сондай-ақ азық-түлік тауарларының сатып алу және өзге де операцияларын орындауға арналған қойма құрылыстары мен арнайы жабдығы бар басқа да үй-жайлардан тұратын және ӘМАТ-на бағаларды тежеуге бағытталған шаралар кешенін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін өндірістік немесе сауда-логистикалық инфрақұрылымы болуға тиіс;

2) Кәсіпкерлік субъектілері өтінімді қарау кезінде тарату немесе банкрот болуы сатысында болмауға тиіс;

3) Кәсіпкерлік субъектілері өтінімді қарау кезінде жосықсыз өнім берушілер тізімінде болмауға тиіс.

Қажет болған жағдайда қосымша ақпарат пен құжаттама талап етілуі мүмкін (өтініш берушінің қаржылық жағдайы, кредиттік тарихы және т. б.)

Кәсіпкерлік субъектісіне қарыз беру туралы шешімді Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі комиссия қабылдайды.

Алғашқы кеңес алу үшін Байзақов көшесі, 303, 6 қабат, 622 кабинетке хабарласуға болады. Жауапты қызметкер – сауданы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі департаментінің бас менеджері Аққошқаров Абзал Елденұлы, байланыс нөмірі 87017164224.

Прикрепленные файлы