«Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар (ӘКК) – бұл өз қызметін өндірістен
және тауарлар мен қызмет сатудан пайда табу мақсатында ұйымдастыратын
тұрлаулы бизнес-құрылымдар. ӘКК-нің коммерциялық корпорациялардан
басты айырмашылығы сонда, олар алынған пайданы өздері мүддесін көздеп
құрылған сол өңірдегі халықтың әлеуметтік, экономикалық немесе мәдени
мақсаттары үшін қайтадан жұмсайды.»

Жаңалықтар

Scroll to Top

Алматы ӘКК жұмыстың еріксіз тоқтатылуына байланысты өзекті мәселелерді шешуге арналған жедел желісі

Құрметті кәсіпкерлер!

Біз сіздердің жұмыстарыңыздың еріксіз тоқтатылғанына байланысты өзекті мәселелерді шешу үшін жедел желісін аштық. Біз өз құзыретіміздегі мәселелерді шешуге дайынбыз.

Назар аударыңыз!

! Мәселені мүмкіндігінше егжей-тегжейлі сипаттауға тырысыңыз

! Өтініш жібермес бұрын ӘКК бағыттарын зерттеңіз.

Біз несие беру, бірлескен жобаларды ұйымдастыру, әкімшілік мәселелерді шешу бағытында шағын және орта бизнеспен жұмыс істейміз. Инвестициялық қызмет бойынша Күрделі құрылыс кәсіпорны, Алматы индустриалды аймағы мен Almaty Invest және т.б. инвестициялық жобалар бойынша қызмет көрсетеміз.

Жиналған ақпарат негізінде қазіргі ахуал бойынша бизнеске тиімді жоспар жасалады.