2810

Бірыңғай байланыс орталығы
(тегін, ұялы телефоннан)

2810

Единый контакт-центр
(бесплатно, с мобильного)

+7 (727) 356 0280

с городского телефона

2810

Бірыңғай байланыс орталығы
(тегін, ұялы телефоннан)

+7 (727) 356 0280

қалалық телефоннан

Share on facebook
Share on twitter
Share on vk

Алматы ӘКК Басқармасының төрағасы Алматыда азық-түлік қауіпсіздігі тақырыбына онлайн-брифинг өткізді

20 тамызда Алматы қ. азық-түлік қауіпсіздігі тақырыбына онлайн-брифинг өткізілді, мұнда Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы басшысының орынбасары Қарлығаш Әбдіжаббарова мен Алматы ӘКК Басқармасының төрағасы Асқар Білісбеков баяндама жасады.

Брифингте Асқар Білісбеков Алматы ӘКК-нің қаланың азық-түлік қауіпсіздігіне қалай қатысатыны және біздің нәтижелеріміз туралы айтып берді:
«Ірі сауда желілерімен несие шарттарына сәйкес кесімді баға сәуір-шілде кезеңінде бағалардың төмендеуіне елеулі әсер етті: 11 позицияның ішінде 9-да бағаларды тежеуге және 6 позиция бойынша – бағаны төмендетуге қол жеткізілді, оның ішінде: тауық етіне, құмшекерге, күнбағыс майына, сүтке, сүзбеге, түтік кеспеге, күрішке және 1-сұрыпты ұнға».

Алматы ӘКК Өңірлік тұрақтандыру қорының операторы болып табылады және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның өсуін тежеумен айналысады.

Алматы ӘКК жұмыстың еріксіз тоқтатылуына байланысты өзекті мәселелерді шешуге арналған жедел желісі

Құрметті кәсіпкерлер!

Біз сіздердің жұмыстарыңыздың еріксіз тоқтатылғанына байланысты өзекті мәселелерді шешу үшін жедел желісін аштық. Біз өз құзыретіміздегі мәселелерді шешуге дайынбыз.

Назар аударыңыз!

! Мәселені мүмкіндігінше егжей-тегжейлі сипаттауға тырысыңыз

! Өтініш жібермес бұрын ӘКК бағыттарын зерттеңіз.

Біз несие беру, бірлескен жобаларды ұйымдастыру, әкімшілік мәселелерді шешу бағытында шағын және орта бизнеспен жұмыс істейміз. Инвестициялық қызмет бойынша Күрделі құрылыс кәсіпорны, Алматы индустриалды аймағы мен Almaty Invest және т.б. инвестициялық жобалар бойынша қызмет көрсетеміз.

Жиналған ақпарат негізінде қазіргі ахуал бойынша бизнеске тиімді жоспар жасалады.