«Алматы Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ «Ақсу Кант» ЖШС-мен келісім бойынша ірі сауда желілерімен 2 000 тонна көлемінде қант сату үшін келісім шарт жасады. Өнім көлемі сауда желілер арасында бөлінді. Өнімдер дүкен сөрелеріне 220 теңге/кг құрайтын белгіленген бөлшек сауда бағасымен келіп түсті:
- «Magnum Cash & Carry» ЖШС-1 500 тонна
- «Скиф трейд» ЖШС («SMALL» және «Skif Discount» дүкендері) – 400 тонна
- «Сабыржан Company» ЖШС («Toimart» және «Сабыржан» дүкендері) – 100 тонна.