2810

Бірыңғай байланыс орталығы
(тегін, ұялы телефоннан)

2810

Единый контакт-центр
(бесплатно, с мобильного)

+7 (727) 356 0280

с городского телефона

2810

Бірыңғай байланыс орталығы
(тегін, ұялы телефоннан)

+7 (727) 356 0280

қалалық телефоннан

Share on facebook
Share on twitter
Share on vk

Almaty Invest салалық онлайн-кездесулер топтамасын ашады

2020 жылғы 10 қыркүйекте Алматы ӘКК – Almaty Invest инвестициялық блогы коммерциялық жылжымайтын мүлік және девелопмент өкілдерімен инвестициялық мүмкіндіктерге арналған бірінші салалық онлайн-кездесу өткізеді.

Алматы ӘКК Басқармасының төрағасы Асқар Білісбеков Almaty Invest-пен жұмыс жасау мүмкіндіктері, ӘКК активтерін бұдан әрі іске асыру жоспарлары және шығармашыл индустриялар мен IT жаңа стратегиялық маңызды бағыты туралы айтып береді.

Біздің серіктестеріміз «Colliers International», «Kazakhstan Networking Partners», «QazProperty» бірінші басшылары кездесу спикерлері болып табылады, мұнда коммерциялық жылжымайтын мүлік нарығында жұмыстың тиімділігі мен инвестициялық тартымдылығы, пандемияның осы салаға әсері талқыланатын болады.

Кездесуге: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScaCiukF6ZRN-_hFOjfappK927WvyuoDjffu2usJylpaB2ugA/viewform?usp=sf_link сілтемесі бойынша тіркелуге болады.

 

Алматы ӘКК жұмыстың еріксіз тоқтатылуына байланысты өзекті мәселелерді шешуге арналған жедел желісі

Құрметті кәсіпкерлер!

Біз сіздердің жұмыстарыңыздың еріксіз тоқтатылғанына байланысты өзекті мәселелерді шешу үшін жедел желісін аштық. Біз өз құзыретіміздегі мәселелерді шешуге дайынбыз.

Назар аударыңыз!

! Мәселені мүмкіндігінше егжей-тегжейлі сипаттауға тырысыңыз

! Өтініш жібермес бұрын ӘКК бағыттарын зерттеңіз.

Біз несие беру, бірлескен жобаларды ұйымдастыру, әкімшілік мәселелерді шешу бағытында шағын және орта бизнеспен жұмыс істейміз. Инвестициялық қызмет бойынша Күрделі құрылыс кәсіпорны, Алматы индустриалды аймағы мен Almaty Invest және т.б. инвестициялық жобалар бойынша қызмет көрсетеміз.

Жиналған ақпарат негізінде қазіргі ахуал бойынша бизнеске тиімді жоспар жасалады.