2810

Бірыңғай байланыс орталығы
(тегін, ұялы телефоннан)

2810

Единый контакт-центр
(бесплатно, с мобильного)

+7 (727) 356 0280

с городского телефона

2810

Бірыңғай байланыс орталығы
(тегін, ұялы телефоннан)

+7 (727) 356 0280

қалалық телефоннан

Share on facebook
Share on twitter
Share on vk

Almaty Invest-те шығармашыл индустрия бөлімі құрылды

Almaty Invest – Алматы ӘКК инвестициялық блогы болып табылады, оның басты міндеттері:

– Инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау және қолдау

– Жобаларды қаптамалау және жылжыту

– Талдау орталығы

2020 жылғы тамызда Алматы-2050 даму стратегиясының негізгі бағыттарына сәйкес Almaty Invest құрылымында «Алматы» ӘКК-де шығармашыл және IT-индустрия бөлімі құрылды, оны Катерина Грибановская басқарды.

Бөлім салаларды инфрақұрылымдық, қаржылық және әкімшілік қолдаумен қамтамасыз етумен айналысатын болады.

Қазірден-ақ бағыт кәсіпкерлері 6% жеңілдікпен 500 млн теңгеге дейін кредит алып, өз жобасын ұсынып және Almaty Invest инвестициялар орталығынан қолдауға сұрау сала алады.

Бөлімнің негізгі жобаларының бірі Алматыда креативті индустрия паркі (КИП) концептісін іске асыру болып табылады. КИП – өз аумағында қаланың креативті әлеуетін ымыралау, дамыту және монетизациялау, жаңа тартылыс нүктелерін құру және қалалық ортаның жайлылығын арттыру үшін шығармашылық және IT индустрия өкілдерін біріктіретін тақырыптық кеңістік.

Стартаптарды дамытуға, қолданыстағы жобаларды қолдауға, жеке бастамалар мен қаланың әкімшілік қолдауы арқасында жобаларды жеделдету және масштабтауға арналған алаңша болып табылады.


Бөлім басшысы Катерина Грибановская Алматы қ. әкімі жанындағы креативті Кеңес құрамына кіреді, ірі қалалық жобалар (стратегиялық жоспарлау, дағдарысқа қарсы басқару, іс-шараларды ұйымдастыру) бойынша Алматы қ. Мәдениет басқармасында (2011-2015 жж.) бес жыл жұмыс тәжірибесі бар.    

 

 

 

 

Алматы ӘКК жұмыстың еріксіз тоқтатылуына байланысты өзекті мәселелерді шешуге арналған жедел желісі

Құрметті кәсіпкерлер!

Біз сіздердің жұмыстарыңыздың еріксіз тоқтатылғанына байланысты өзекті мәселелерді шешу үшін жедел желісін аштық. Біз өз құзыретіміздегі мәселелерді шешуге дайынбыз.

Назар аударыңыз!

! Мәселені мүмкіндігінше егжей-тегжейлі сипаттауға тырысыңыз

! Өтініш жібермес бұрын ӘКК бағыттарын зерттеңіз.

Біз несие беру, бірлескен жобаларды ұйымдастыру, әкімшілік мәселелерді шешу бағытында шағын және орта бизнеспен жұмыс істейміз. Инвестициялық қызмет бойынша Күрделі құрылыс кәсіпорны, Алматы индустриалды аймағы мен Almaty Invest және т.б. инвестициялық жобалар бойынша қызмет көрсетеміз.

Жиналған ақпарат негізінде қазіргі ахуал бойынша бизнеске тиімді жоспар жасалады.