Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар (ӘКК) – бұл өз қызметін өндірістен және тауарлар мен қызмет сатудан пайда табу мақсатында ұйымдастыратын тұрлаулы бизнес-құрылымдар. ӘКК-нің коммерциялық корпорациялардан басты айырмашылығы сонда, олар алынған пайданы өздері мүддесін көздеп құрылған сол өңірдегі халықтың әлеуметтік, экономикалық немесе мәдени мақсаттары үшін қайтадан жұмсайды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2006 жылғы наурыз «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ (бұдан әрі – Алматы ӘКК) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 наурыздағы қаулысына сәйкес құрылып, Алматы қаласының Әділет департаментінде 2010 жылғы 27 тамызда тіркелді. Алматы ӘКК 100% акционері – «Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы» КММ.
«Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ - қоғамдық даму институты, мемлекет пен бизнес арасындағы сенімді көпір.
Отандық және шетелдік кәсіпкерлер мен инвесторлар үшін инвестиция тарту мен дайын жобаны қаржылай қолдаудан бастап, «бірыңғай сатып алу терезесін» жүзеге асыратын оператор
Алматы ӘКК тұрақты жеке кәсіпкерлікті дамыту мақсатында қоғамның әлеуметтік, білім беру, мәдени мәселелерін шешумен айналысады.
Миссиясы
«Алматы-2050» даму стратегиясын іске асыру негізінде тиімділігі жоғары экономика құруға ықпал ету
Болашаққа көзқарасы
Активтерді тиімді басқаратын және қаланың экономикалық және әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін бизнеске қолдау көрсететін аймақтық қор
ӘКК әлеуметтік маңызды жобалар мен салаларға бағытталған:
Осал топтарға көмек беру
Жаңарту Бағдарламасын іске асыру
Бизнесті қолдау және дамыту
Инвестициялар тарту
Кәсіпкерлер мен инвесторларға әкімшілік көмек беру
Әлеуметтік нысандар құрылысын дамыту
Білім беру, денсаулық сақтау, мәдени және туристік жобаларды жүзеге асыру.
Алматы ӘКК міндеттері:
Миссия
Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын ұстап тұру
Демалыс күндері жәрмеңке ұйымдастыру
Управление торговыми павильонамиСауда павильондарын басқару
Миссия
Активтерді басқару және жер телімімен айналысу
Бизнес және инвестициялық жобаларды жеке кәсіпкерлікпен серіктестікте жүзеге асыру
Миссия
Almaty Invest құрылымдық бөлімшесі арқылы инвестициялар тарту
Индустриалдық аймақтарды, бизнес- инкубатор мен технопарктерді институционалды дамыту
Алматы ӘКК мүмкіндіктері:
Ресурстармен қамтамасыз ету (объект пен жер телімі)
Инвестиция тарту
Бизнесті несиелеу
Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бағдарламаларына қатысу