Жобаны іске асыруға арналған Алматы ӘКК қолдау құралдары мен шаралары бойынша алғашқы кеңесті «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін - Almaty Invest құрылымдық бөлімшесі жүргізеді: инвестициялар тартудан бастап дайын жобаны қолдауға дейін.
Кіріс өтінішке талдау жүргізгеннен кейін әлеуетті инвестордың жобасы Almaty Invest құралдары шеңберінде іске асырылады немесе Алматы ӘКК-нің жауапты бөлімшесіне/еншілес компанияларына қайта бөлінеді.
Almaty Invest құралдары шеңберінде іске асыру мүмкіндігі бар жобалар қолдауға жататын жобалар санатына ие болады. Өз кезегінде қолдауға жататын жобалар кіші санаттарға бөлінеді:
Жобаларды басқару департаменті коммерциялық және әлеуметтік бағыттағы инвестициялық жобаларды қолдаумен, сондай-ақ Алматы ӘКК мүлкін тұрғын емес үй-жайлар, әкімшілік және өндірістік ғимараттар мен жер учаскелері түрінде, шарт жасалған сәттен бастап қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін қолдаумен айналысады. Сондай-ақ инвестициялық жобаларға арналған учаскелерді және стационарлық емес сауда объектілеріне арналған учаскелерді (СеСО) алу және ресімдеу тәртібімен айналысады.
Жобалардың 2 түрі бар:
Департаменттегі жобалық менеджерлер кеңес бере отырып, жобалар бойынша бірлескен жұмысты жүргізеді, қала мүддесі үшін әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды пайдалануға береді.
2020 жылдан бастап Жобалар портфелінде танысуға болатын 30 жоба іске асырылуда