5 января, 2026

Бостандық ауданының жәрмеңкесін жаңғырту

"Бостандық ауданының жәрмеңкесін жаңғырту" инвестициялық жобасын (бұдан әрі – жоба)

іске асыруға арналған конкурстың негізгі шарттары

 

Конкурсты ұйымдастырушы: «ӘКК «Алматы» АҚ (бұдан әрі – Қоғам).

Конкурстың мақсаты: «Бостандық ауданы жәрмеңкесін жаңғырту» инвестициялық жобасын (бұдан әрі – Нысан) іске асыру үшін жеке инвестицияларды тарту, заманауи көпфункционалды қоғамдық кеңістік құру мақсатында конкурсқа өтінімдер қабылдау. Жоба шеңберінде ашық және жабық үлгідегі сауда павильондары, санитариялық-гигиеналық блок, қоғамдық тамақтану нүктелері бар аялдама кешені, сондай-ақ ойын алаңы, субұрқақ, электр қуаттау станциялары бар автотұрақ және қойма үй-жайлары қарастырылған. Жобаны іске асыру қалалық орта талаптарына жауап беретін тұрақты әрі инновациялық шешімдерді енгізуге бағытталған.

Жоба нысанының сипаттамасы:
Алматы қ., Бостандық ауданы, Қазақфильм ш/а, Исиналиев көшесі, кадастрлық нөмірі 20:312:022:111 мекенжайында орналасқан, жалпы ауданы 0,4924 га жер учаскесіндегі құрылыс нысаны жыл бойы пайдалануға арналған жеке модульдік кешендерден тұрады. Құрылыстар «ашық қоғамдық кеңістік» қағидатымен және ыңғайлы аймақтау талаптарына сай жобалануы тиіс.

Жоба Қоғам ұсынған форэскизге және төмендегі техникалық-экономикалық көрсеткіштердің барлығына сәйкес келуі тиіс:

– жалпы ауданы кемінде 500 ш.м., кемінде 100 сауда орнына арналған ашық үлгідегі азық-түлік сауда павильондары;

– әрқайсысы кемінде 50 ш.м. болатын 4 бірлік жабық үлгідегі, отандық ірі тауар өндірушілерге арналған павильон;

– әрқайсысы кемінде 20 ш.м. болатын 2 бірлік жабық үлгідегі павильон;

– санитариялық-гигиеналық блок: ерлер, әйелдер және әмбебап санитариялық үй-жайлар, сондай-ақ қозғалысы шектеулі азаматтарға арналған кабиналар. Жабдықтар – бұзуға төзімді, энергия үнемдейтін, желдету және автоматты тазалау жүйелерімен;

5 модульден тұратын, сыртқы тамақтану аймағы бар, сусындар, тіскебасарлар, фастфуд немесе көше тағамдары нүктелері орналасқан аялдама кешені;

– аумақты абаттандыру және көгалдандыру;

– кемінде 40 орындық автотұрақ, жол белгілерімен және кемінде 2 электр қуаттау станциясын орнату ұсынылады.

Нысан тұрақты материалдарды қолдана отырып, энергиятиімді жүйелермен (жарық, жылыту, сумен жабдықтау) жабдықталуы тиіс және әртүрлі климаттық және урбанистік жағдайларға бейімделуі мүмкін. Құрылыс-монтаж жұмыстары қолданыстағы МЕМСТ-қа және ҚНмЕ талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Жобаның мақсатты талаптары:

  1. Нысанның сыртқы келбеті және құрылымы бекітілген эскизге және Алматы қаласының дизайн-кодына сәйкес болуы тиіс.
  2. Жағалай жатқан аумақты абаттандыру заңнама талаптарына сәйкес болуы тиіс.
  3. Инвестор нысанды тек осы конкурс құжаттамасында көзделген мақсаттарда пайдаланады: қоғамдық пайдалану нысаны, сауда инфрақұрылымы, санитариялық-гигиеналық үй-жайлар және қоғамдық тамақтану павильондары.
  4. Болашақ нысанның тұжырымдамасы мақсаттарды, функционалдығын, жоспарланған қызметті нақты сипаттауы тиіс. Инвестор Қоғаммен келісу үшін қызмет сипаттамасын, көрсетілетін қызмет түрлерін және күтілетін әлеуметтік әсерді ұсынуы қажет.
  5. Нысанды пайдалануға беру мерзімі:
    – құрылысты бастау – 2026 жылдың I тоқсаны;
    – пайдалануға беру – 2026 жылдың II тоқсанының соңы.
  1. Конкурсты жариялау

1.1. Қоғам www.spkalmaty.kz сайтында Жобаны іске асыруға әлеуетті инвесторды анықтау мақсатында ашық конкурс жариялайды.
1.2. Өтінімдерді қарау және қорытынды шығару Комиссиямен (бұдан әрі – Комиссия) жүзеге асырылады, ол Қоғамның бұйрығымен, «Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы» КММ (КжИБ) және «Туризм басқармасы» КММ (ТБ) өкілдерінің келісімімен құрылады.

  1. Өтінімдерді ресімдеу және ұсыну талаптары

2.1. Комиссияның қарауына жіберу үшін әлеуетті инвестор құжаттардың түпнұсқалары салынған мөрленген конвертті (Қосымша №2 талаптарына сәйкес) Алматы қ., Байзақов к-сі 303, 6 қабат, 616-кабинет мекенжайына тапсыруы тиіс. Конвертте: ұйым атауы, кері мекенжай және конкурстың атауы көрсетілуі қажет.
2.2. Құжаттардың электрондық нұсқасы info@spkalmaty.kz поштасына «Бостандық ауданы жәрмеңкесін жаңғырту конкурсына өтінім» тақырыбымен жіберіледі.
2.3. Мөрленбеген, зақымдалған немесе дұрыс ресімделмеген конверттер қабылданбайды. Құжаттарды қабылдау фактісі қабылдау тізімінде белгіленеді.
2.4. Инвестор өтінім беру мерзімі аяқталғанға дейін өтінімді өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы.

  1. Конкурс қорытындыларын шығару

3.1. Өтінімдер Комиссия хатшысы арқылы тіркеледі және барлық мүшелердің қатысуымен ашылады.
3.2. Құжаттар толық және талаптарға сай болған жағдайда өтінім Комиссия қарауына жіберіледі.
3.3. Құжат топтамасы толық болмаған немесе талаптарға сай келмеген жағдайда өтінім қабылданбайды.
3.4. Комиссия ұсынылған инвестициялар мен жоба тұжырымдамаларын салыстыра отырып, өтінімдерді бағалайды.
3.5. Жеңімпаз – инвестициялық ұсынысы ең жоғары қатысушы.
3.6. Инвестициялар көлемі тең болған жағдайда қосымша критерий – Қоғамға төленетін жобаны сүйемелдеу үшін ең жоғары айлық төлем.
3.7. Қажет болған жағдайда Комиссия қосымша талаптар қоюға құқылы.
3.8. Комиссия отырысын қашықтан өткізуге жол берілмейді.
3.9. Қатысушыларға конкурс нәтижелері туралы хабарлама жіберіледі.

Комиссия құқылы:
– қосымша құжаттар мен ақпарат сұрауға;
– талапқа сай емес өтінімдерді қабылдамауға;
– өтінімдер түспеген жағдайда конкурс шарттарын өзгертуге;
– жалғыз түскен өтінімді қарауға және талапқа сай келсе қабылдауға;
– конкурсты тоқтатуға.

Конкурс мерзімдері:
– Өтінімдер — жарияланған күннен бастап 10 күн ішінде, соңғы күнгі 17:00-ге дейін;
– Қарау — 10 жұмыс күні;
– Қорытынды шығару — 3 жұмыс күні;
– Жеңімпазды жариялау — 1 жұмыс күні.

Қоғам және/немесе Комиссия конкурс мерзімдерін біржақты өзгертуге немесе ұзартуға құқылы.

Жобаны іске асыру механизмі

– Қоғам, КжИБ, ТБ және Инвестор арасында жобалық келісім шарт жасалады;
– Инвестор объектілерді өз немесе қарыз қаражаты есебінен салады және пайдаланады (жер учаскелерін сатып алу/иеліктен шығару құқығынсыз);
– Инвестор техникалық шарттарды алуға, инженерлік жүйелерге қосылуға, рұқсаттар мен келісімдерді алуға өтінімдерді Қоғаммен бірлесе отырып қамтамасыз етеді;
– Пайдалану және қызмет көрсету Инвестор есебінен;
– Қоғам әлеуметтік маңызы бар өнімдерге ұсынылатын бағалардың орындалуын бақылайды;
– Жәрмеңкеге берілетін нысандар бойынша жалдау ставкаларын Қоғам белгілейді;
– Инвестор ай сайын кемінде 1 000 000 теңге (ҚҚС-мен) мөлшерінде төлем жасайды;
– Тараптардың келісімі бойынша Қоғам/УПиИ объектіні балансына сатып ала алады (құны – құрылыстың өзіндік құнынан аспайтын бағада, тәуелсіз бағалау бойынша).
– Жоба мерзімі – 5 жылға дейін.

Қоғамның байланыс деректері
Мекенжайы: Алматы қ., Байзақов к-сі, 303, 6 қабат, 616-кабинет.
Жауапты қызметкер: бас менеджер Сматаев Жан.
Тел.: +7 727 225-18-91 (ішкі 541).

Қосымша №1

Қосымша №2

Қосымша №3

ҚОСЫМША №4

ҚОСЫМША №5

crossmenu