2810

Бірыңғай байланыс орталығы
(тегін, ұялы телефоннан)

+7 (727) 356 0280

қалалық телефоннан

Share on facebook
Share on twitter
Share on vk

Қазақстанда алғаш рет әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация инвестициялық санаттағы халықаралық кредиттік рейтингке ие болды

Fitch Ratings Алматы ӘКК-ға шетелдік және ұлттық валютадағы «BBB-» эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингін («ЭДР») берді. Болжамы – «Тұрақты».

Fitch Ratings халықаралық рейтингілік агенттіктердің «үлкен үштігіне» кіреді. Агенттіктің басты мақсаты әлемдік кредит нарықтарына кредит қабілеттілігіне тәуелсіз және болашаққа бағдарланған баға беру, талдамалы зерттеулер жүргізу мен деректер беру болып табылады. Алматы ӘКК-ға берілген «BBB-» рейтингі жақсы кредит қабілеттілігін, қазіргі уақытта кредит тәуекелдері бойынша болжалдары төмен екендігін, ал қаржы міндеттемелерді уақтылы өтеу қабілеті барабар деп бағаланатындығын білдіреді. «BBB-» рейтингі инвестициялық санатқа жатады.

Біз компаниямыздың әріптестерімізге адал және қажырлы еңбегі үшін алғыс айтамыз, алдымызда көптеген жеңістер мен жетістіктер күтіп тұр!